" Бірлігі жарасқан ел озар" аты аудандық семинар » "Мәдениет" ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№45 Мәдениет жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 645-78-71
Есепші бөлімі:
+7(707) 836-63-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Бірлігі жарасқан ел озар" аты аудандық семинар
21
апрель
2023

" Бірлігі жарасқан ел озар" аты аудандық семинар

" Бірлігі жарасқан ел озар"

Дана халқымыз «бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», — деп бекер айтпағанын байқаймыз. Оған себеп Қазақстан әртүрлі ұлттың бейбітшілікте өмір сүретін ел болып әлемге танылуы. 130 астам ұлттар  бейбіт өмір сүруде. Олар бір атаның баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті күн кешуде. Қаншама жылдан бері ынтымақта, бірлікте өмір сүріп келуі қазақ халқының  қонақжай екендігін көрсетеді.

   Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "√°45 Мәдениет жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 05.05.2023 күні кең ауқымды іс-шара "Бірлігі жарасқан ел озар" тақырыбында  ауданаралық семинар болып өтті. Семинарға келген қонақтар: Мақтаарал аудандық қоғамдық келісім уәкілі, Мақтаарал аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Байтілеуова, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Т.Фарзалиев, кәріс делегациясының мүшесі Ким Герман.
Семинардың мақсаты: Түрі басқа болса да, тілегі бір. Жүзі басқа болса да жүрегі бір  ұлты, діні, тілі, ділі, салт-дәстүрі қандай болмасын түсіністік танытып, теңдей қарап, құрмет көрсетуге.

Көпұлтты ел болу – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.  Ұлттарды бір шаңырақ астына біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпы халықтық, жалпы азаттық, орган қалыптасты. Оның Конституциялық дәрежесі бар. 1995 жылы құрылған Қазақстан Халықтары Ассамблеясы дүниежүзі үлгі ететін ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені.  Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.
Ұлтаралық татулық пен келісім – ұлттық идеяның негізгі өзегі болып табылады. Ұлттар арасындағы бірлік пен сенім – әділдіктің сипатын бейнелейді.
Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз, татулығымыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ.

Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, абыройымыз асқақ, бейбітте берекелі ел болып мәртебеміз өсе берсін!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив