"ҚОШ КЕЛДІҢ - ӘЗ НАУРЫЗ" атты мерекелік іс-шара. » "Мәдениет" ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№45 Мәдениет жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 645-78-71
Есепші бөлімі:
+7(707) 836-63-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚОШ КЕЛДІҢ - ӘЗ НАУРЫЗ" атты мерекелік іс-шара.
05
март
2023

"ҚОШ КЕЛДІҢ - ӘЗ НАУРЫЗ" атты мерекелік іс-шара.

"ҚОШ КЕЛДІҢ - ӘЗ НАУРЫЗ"  атты  мерекелік іс-шара. 
   Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
 Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін!
   Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін  Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "√°45 Мәдениет жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кең көлемде аталып өтілді.
  Мектептің өнерпаз оқушылары мен ұстаздары керемет өнерлерін ұсынды. Салт-дәстүрімізді насихаттаған  "Қыз ұзату", "Келін түсіру", "Беташар",  "Тұсау кесер"т/б дәстүрлері көрсетіліп ұлттық ойындар «Асық ату», «Арқан тарту» ойналды.         
   Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! - деп,  Мақтарал ауыл округ әкімі Е.Тургунбаев, Ауыл ақсақалдары, Қамқоршылық кеңес төрағасы,ардагер ұстаз Қ.Ирсаев, мектебіміздің директоры Ж.Бейсенбаева ұстаздарымыз бен оқушыларымызға  ақ тілектерін, баталарын арнады. 
  Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз мерекесі -  барлық жақсылығымен келсін!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив